Әлеуметтік желіде қазақтың әйгілі әншісі Батырхан Шүкеновке ерекше ұқсайтын азаматтың видеосы таралып, көпшіліктің назарын аударды. Мерекелік шаралардың бірінде түсірілген кадрлар көрермендердің қызығушылығын тудырды. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Видеода шара жүргізушісінің қонақтардың арасынан әншіге ұқсайтын азаматты байқап, оны ортаға арнайы шақырғаны көрінеді.
Өз кезегінде ол өзін орыс оркестрінің жетекшісі ретінде таныстырып, өнер саласына қатысы бар екенін айтқан. Шара соңында ұйымдастырушылар азаматқа құрмет көрсетіп, арнайы сыйлық табыстаған.
Желі қолданушылары оның сыртқы келбетін Батырхан Шүкеновтің бейнесімен салыстырып, видеоны қызу талқылауда. Бұл көрініс көпшілікке қазақ музыкасының аңыз тұлғасы Батырхан Шүкеновті тағы бір мәрте еске салды.