Мазмұнға өту
qandastar.

Батыс Қазақстандағы Хан тоғайын шарпыған өрт толық сөндірілді

Малика Хамит · · 484 қаралым
Батыс Қазақстандағы Хан тоғайын шарпыған өрт толық сөндірілді

Батыс Қазақстан облысындағы Орал орман шаруашылығының Хан тоғайы аумағында болған табиғи өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тілсіз жау шамамен 18 гектар аумақты шарпыған.

Өрт шыққан сәттен бастап оқиға орнында жедел штаб құрылып, барлық қызметтердің жұмысы үйлестірілді. Құтқарушылардың айтуынша, екпінді жел жалынның тез таралуына себеп болып, сөндіру жұмыстарын едәуір қиындатқан.

Соған қарамастан, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлесіп өртті қысқа мерзімде оқшаулап, кейін толықтай сөндірді. Нәтижесінде жалынның одан әрі таралуына жол берілген жоқ.

Өртті ауыздықтауға 100-ден астам адам мен 25 техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Қазавиалесоохрана» мен «Қазавиақұтқару» авиациясы екі тікұшақ арқылы 46 мәрте су төгіп, жалпы 68 тонна су шашты.

Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp