Батыс Қазақстан облысындағы Орал орман шаруашылығы аумағында шыққан табиғи өртті сөндіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Тілсіз жаумен күреске Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары, орман шаруашылығы қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар және ТЖМ-нің 20982 әскери бөлімінің құтқару батальоны жұмылдырылған.
Өртті әуеден сөндіруге екі тікұшақ тартылған. Осы уақытқа дейін олар 46 мәрте су төгіп, жалпы 68 тонна су шашқан.
[video width="1024" height="576" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/07/WhatsApp-Video-2026-07-28-at-01.03.50.mp4"][/video]
Қазір өртті сөндіруге 80-ге жуық адам, 10 арнайы техника және 2 тікұшақ қатысуда. Мамандардың айтуынша, екпінді жел өртті ауыздықтау жұмыстарын қиындатып отыр. Соған қарамастан, өртті толық сөндіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайдың толық бақылауда екенін хабарлады.