Мазмұнға өту
qandastar.

Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты

bahitzhanabzal · · 133 қаралым
Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты

Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық паркінде найзағай түсіп, өрт шықты, деп хабарлады Qandastar.kz ақпарат порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Парк басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, таулы жерлерде өртті орманшылар байқап қалған.

Найзағай түсіп, өрт шықты. Біздің орманшылар түтінді уақытында көріп, оқшаулап үлгерді. Осылайша орманды ірі өрттен құтқарды
деді Аждар Жүсіпов.

Оның айтуынша, тілсіз жау Торайғыр ауылы жанындағы №12 кварталда болған.

Бөлісу: Telegram WhatsApp