Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Енді ол жылдық 15,75% деңгейінде белгіленді.
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 15,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады», – делінген ресми хабарламада.
Базалық мөлшерлеме бірнеше рет төмендеді
Биыл Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бірнеше кезеңмен азайтты. Маусым айында ол 18%-дан 17%-ға дейін түсірілді. Шілдеде мөлшерлеме 16,75%-ға, ал қыркүйекте 16,25%-ға дейін төмендеді.
Бұл жолы реттеуші мөлшерлемені тағы 0,5 пайыздық тармаққа қысқартып, 15,75% деңгейінде бекітті.
Базалық мөлшерлеме – Ұлттық банктің ақша-кредит саясатын жүргізудегі негізгі құралдарының бірі. Ол банктердің несие және депозит мөлшерлемелеріне, сондай-ақ экономикадағы ақша құнына ықпал етеді.