Мазмұнға өту
qandastar.

Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен кездесті

Малика Хамит · · 1 043 қаралым
Базарбек жол апатынан зардап шеккен азаматтың туыстарымен кездесті

Бұрынғы Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында болған жол апатынан зардап шеккен 36 жастағы азаматтың туыстарымен кездесіп, сол сәттен видео жариялады, деп хабарлайды

порталы.

Кадрларда азаматтың әпкесі оның қазіргі жағдайы тұрақталғанын айтып, емін жалғастырып жатқанын жеткізген. Оның сөзінше, Бақытжан Базарбек отбасы мүшелерімен байланыста болып, қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Базарбек өз кезегінде әлеуметтік желідегі расталмаған ақпараттарға сенбеуге және қауесет таратпауға шақырды. Оның айтуынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы бірқалыпқа келген соң, әрі қарай емделуіне де қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, Астана мен Алматыдағы нейрохирургиялық орталықтарда қажетті медициналық көмек алуына жәрдемдесуге дайын екенін айтты.

Айта кетейік, жол апаты 15 тамызда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолында болған. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған, тергеу жалғасып жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Бакытжан Базарбек (@bakytzhan.bazarbek)
Дәйексөз
Бөлісу: Telegram WhatsApp