Алматыда жабық режимде қаралған шулы іске қатысты сот үкімі шықты.
Жас жігітті дәрменсіз күйге түсіріп, зорлады деп айыпталған ер адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Іс материалдарына сүйенсек, оқиға 2025 жылдың наурызында болған.
Айыпталушы жәбірленушіге психофизиологиялық жағдайына әсер ететін белгісіз зат ұсынған. Соның салдарынан жігіт дәрменсіз күйге түскен.
Тергеу мәліметінше, осы сәтті пайдаланған ер адам оның еркінсіз жыныстық қатынасқа барған.
Бұдан бөлек, сот барысында ер адамның өзінде АИТВ бар екенін біле тұра, жігітті инфекция жұқтыру қаупіне ұшыратқаны айтылды.
Сотта айыпталушы кінәсін мойындамады.
Ал жәбірленуші оны қатаң жазалауды сұрады.
Нәтижесінде сот оны кінәлі деп танып, зорлау бабы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Ал АИТВ қаупіне байланысты бап бойынша ескіру мерзімі өткендіктен жауапкершіліктен босатылды.