Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильда 11–14 қазан күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен ұйымдастырылады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты Ақордаға сілтеп хабарлады.
Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы көпсалалы ынтымақтастықты нығайту перспективалары талқыланады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Король Филипп және Патшайым Матильда «Қазақстан–Бельгия» іскерлік кеңесінің төртінші отырысына, екі ел жоғары оқу орындары ректорларының форумына және басқа да іс-шараларға қатысады деп жоспарланып отыр.
Сапар қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қойылады.