Мазмұнға өту
qandastar.

Бельгия королі Тоқаевтың жұмыс кестесін өзгерткенін ерекше атап өтті

Малика Хамит 9 қаралым
Бельгия королі Тоқаевтың жұмыс кестесін өзгерткенін ерекше атап өтті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильданы қабылдау үшін жұмыс кестесін өзгерткен, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бұл туралы Бельгия королі Астанадағы келіссөздер барысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Бельгия королі мен патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді. Кездесуде екі ел арасындағы саяси, экономикалық және өзге де салалардағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктестерінің бірі деп атап, король мен патшайымның елімізге жасаған алғашқы мемлекеттік сапары екіжақты қарым-қатынастың жаңа кезеңіне жол ашатынын айтты.

Президенттің сөзінше, келесі жылы Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 35 жыл толады. Осы уақыт ішінде екі ел арасында өзара құрмет пен достыққа негізделген байланыс қалыптасқан.

Өз кезегінде Бельгия королі Филипп Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен халықаралық аренадағы беделіне тоқталып, Орталық Азия өңірімен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.

«Президент мырза, бізбен бірге жүру үшін жұмыс кестеңізді өзгерткеніңізді білемін. Осы ықыласыңызға тәнтіміз. Сондықтан алтын уақытыңызды бөліп, құрмет көрсеткеніңізді жоғары бағалаймыз», – деді Филипп.

Король Қазақстанмен арадағы 35 жылдық дипломатиялық байланыстың маңызды екенін атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтеруге сенім білдірді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp