Ақмола облысының Бестөбе кентінде шахтаға заңсыз түскен тағы бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Қайғылы жағдай 15 қазанда болған. Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын бастады.
Адам өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Айта кетейік, биыл Бестөбе шахталарында бірнеше адам қаза тапқан. Бұл жолы да шахтаға заңсыз түсу адам өлімімен аяқталды.