Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева Women's Speed Chess Championship онлайн жарысын жеңіспен бастады. Ол алғашқы кезеңде Өзбекстандық шахматшы Афруза Хамдамованы барлық партия бойынша жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Бұл туралы Qandastar.kz агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлады.
1/8 финалдағы кездесуде Асаубаева қарсыласын үш түрлі уақыт бақылауында да басымдықпен жеңді.
Алдымен 5+1 форматындағы блиц ойынында қазақстандық спортшы 3,5:1,5 есебімен жеңіске жетті. Кейін 3+1 уақыт бақылауындағы партияларда 4:1 есебімен қарсыласынан басым түсті.
Соңғы кезеңде 1+1 форматындағы ойындар өтіп, Бибісара Асаубаева бұл кезеңді де 3:1 есебімен аяқтады.
Осы нәтижеден кейін қазақстандық гроссмейстер Women's Speed Chess Championship турнирінің ширек финалына өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Бибісара Асаубаева Norway Chess 2026 жарысында мерзімінен бұрын жеңімпаз атанған болатын.