Мазмұнға өту
qandastar.

БИЛ-ге қабылдау емтиханы 17 мамырда өтеді

Бақытжан Мұса · · 294 қаралым
БИЛ-ге қабылдау емтиханы 17 мамырда өтеді

2026 жылы Білім-Инновация лицейлері (бұрынғы КТЛ) лицейлеріне түсу емтиханы 17 мамырда өтеді. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады. Қабылдау конкурсына қатысу үшін талапкерлер 1 ақпан мен 12 сәуір аралығында Bilemtihan.kz сайты арқылы онлайн тіркеуден өте алады.

Емтихан математика, логика және оқу сауаттылығы пәндері бойынша ұйымдастырылады. Талапкерлерге 60 сұрақ беріліп, оны орындауға 110 минут уақыт қарастырылған. Нәтижелерді 25 мамырда жариялау жоспарланып отыр.

Тіркелу үшін өтініш, ЖСН көрсетілген туу туралы куәліктің көшірмесі және 3x4 форматындағы фото қажет. Емтиханға қатысу рұқсатнамасы тіркеуден кейін үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

Ұйымдастырушылар талапкерлерге ресми ақпаратты тек Bilemtihan.kz платформасы арқылы тексеруге кеңес береді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp