Ақмола облысында аттан құлап, ауыр жарақат алған 33 жастағы әйел бір айға жуық уақыттан кейін ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Қайғылы оқиға 6 шілдеде Целиноград ауданындағы ат клубтарының бірінде болған. Астана тұрғыны атқа мінбек болған кезде құлап, ауыр жарақат алған.
Әйел содан бері ауруханада ес-түссіз жатқан. Дәрігерлердің жасаған ем-домына қарамастан, ол 13 тамызда қайтыс болды.
Оқиғадан кейін полиция қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.
Қазір тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда.