Фото: Видеодан алынған кадр
Павлодардағы сұлулық салондарының бірінде екі әйелдің арасындағы жанжал бейнебақылау камераларына түсіп қалды, деп хабарлайды qandastar.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында Павлодарда соңғы бірнеше күн бойы екі әйел арасындағы төбелес қызу талқыланып жатқанын жазды. Айтуынша, «екі әйел де кезінде бір ер адаммен қарым-қатынаста болған» делінеді.
«Сірә, сол себепті олардың арасында жеке келіспеушілік туындаған. Сол күні олар сұлулық салонында кездесіп, алдымен сөзге келіп, артынша біреуі екіншісін соққыға жыққан», – делінген әлеуметтік желідегі хабарламада.Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жанжалға байланысты дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Қақтығысқа қатысқан әйелдер анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Болған оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп мәлімдеді департамент.