Мазмұнға өту
qandastar.

Бір отбасының үш келіні ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынды (ВИДЕО)

Малика Хамит · · 508 қаралым
Бір отбасының үш келіні ұрлық жасады деген күдікпен қамауға алынды (ВИДЕО)

Алматыда қалта ұрлығын жасады деген күдікпен үш әйел ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Полиция мәліметінше, олар адам көп жиналатын орындарда азаматтардың мүлкін жымқырған.

Тергеу барысында күдіктілердің өзара міндеттерді бөлісіп әрекет еткені анықталған. Олар негізінен базарлар, қоғамдық көлік пен халық көп шоғырланатын орындарды таңдаған.

Алдын ала дерек бойынша, күдіктілер ұялы телефондар, қолма-қол ақша және алтын бұйымдарды қолды еткен.

Криминалдық полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қылмыстық схеманың барлық қатысушылары анықталды. Жуырда топтың соңғы мүшесі ұсталып, бұған дейін қолға түскен екі күдіктімен бірге қамауға алынды.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандардың Алматы аумағында жасалған ондаған мүліктік қылмысқа қатысы болуы мүмкін. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр. Сонымен қатар олардың осыған ұқсас басқа да құқық бұзушылықтарға қатыстылығы тексерілуде.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға базарларда, қоғамдық көлікте және өзге де адам көп жиналатын орындарда жеке заттарына мұқият болуға кеңес берді.

[video width="720" height="1280" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/06/almaty.police_1782790325391.mp4"][/video]

Бөлісу: Telegram WhatsApp