Мазмұнға өту
qandastar.

"Бір пәтердің бағасы": Баян Алагөзованың қызы бір күндік образға 25 млн жұмсайды

bahitzhanabzal · · 329 қаралым
"Бір пәтердің бағасы": Баян Алагөзованың қызы бір күндік образға 25 млн жұмсайды

Fashion блогер Жансая Әміршарип белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айарудың бір күндік образын талдады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі хабарлады. 

Француздық бренд көйлегі - 161 мың теңге, етігі Gucci - 733 мың теңге, сөмкесі - 474 мың, сырғасы - 2 млн 99 мың, мойынға тағатын әшекейі - 5 млн 517 мың, сағаты Cartie - 15 млн 419 мың теңге, сақинасы - 1 млн 38 мың теңге. Барлығы -25 млн 434 мың теңге
деді блогер Instagram парақшасында .

"Млн емес, 50 мыңға киім алсақ мәзбіз", "1 үйдің құнын үстіне іле салған", Менің пәтерімді "біреу киіп алыпты" деп пікір білдірді желі қолданушылары.

Бөлісу: Telegram WhatsApp