Құтқарушылар құбырға қысылып қалған бір жастағы баланы бір сағатта босатты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жамбыл облысының Жамбыл ауданындағы Қарғалы ауылында күтпеген жағдай болды.
Бір жастағы баланың аяғы дәретхана конструкциясының металл құбырына қысылып қалып, ата-анасы өздігінен шығара алмаған.
Оқиға туралы ақпарат «112» қызметіне түсіп, шақырту орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары жедел жеткен.
Мамандар баланың аяғын жарақаттап алмау үшін өте мұқият жұмыс істеген. Арнайы металл кесетін құралдың көмегімен құбырды біртіндеп кесіп, баланың аяғын босатуға қажетті кеңістікті ұлғайтқан.
[video width="1080" height="1920" mp4="https://qandastar.kz/wp-content/uploads/2026/08/1787284969520.mp4"][/video]
Құтқару операциясы бір сағаттан астам уақытқа созылды. Нәтижесінде бүлдіршін металл конструкциядан аман-есен шығарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Алдын ала мәлімет бойынша, баланың көзге көрінетін жарақаты болмаған.