Мазмұнға өту
qandastar.

«Бір жыл ішінде жүкті болмаса, ол – бедеулік»: Байқошқарова ерлі-зайыптыларға үндеу жасады

bahitzhanabzal · · 2 390 қаралым
«Бір жыл ішінде жүкті болмаса, ол – бедеулік»: Байқошқарова ерлі-зайыптыларға үндеу жасады

Қазақ қоғамында бедеулік туралы айтылғанда, кінә көбіне әйелдерге артылады. Алайда медицина бұл пікірдің қате екенін дәлелдеп отыр, деп хабарлады Qandastar.kz

Профессор Салтанат Байқошқарованың айтуынша, егер ерлі-зайыптылар бір жыл бойы қорғанусыз жыныстық қатынасқа түсіп, әйел жүкті болмаса — бұл клиникалық бедеулік саналады. Мұндай жағдайда дәрігерге жүгініп, толық медициналық тексеруден өту керек.

Бедеулік – әйелдің де, еркектің де мәселесі. Сондықтан отбасы бұл мәселеге бірлесе қарап, шешім қабылдауы қажет
дейді профессор.

Мамандардың айтуынша, уақыт жоғалтпай, ерте диагностика жасау – ата-ана болудың негізгі кепілі. Қазіргі таңда ЭКО, ИКСИ сынды заманауи әдістер арқылы көптеген отбасы бала сүю бақытын кешіп отыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp