Мазмұнға өту
qandastar.

Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті – статистика

bahitzhanabzal · · 184 қаралым
Бір жылда Қазақстанда пәтер бағасы қалай өсті – статистика
Фото:Ulysmedia.kz Наурыз айында Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсуі баяулады. Егер былтырғы қыркүйектен бастап пәтерлер айына шамамен 1% қымбаттаса, биыл наурызда бұл көрсеткіш небары 0,4% болды, деп хабарлайды qandastar.kz   Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 
БІР АЙДАҒЫ ӨЗГЕРІС Krisha.kz сарапшылары елімізде баспана бағасының ең жоғары өсімі Тараз бен Қостанайда +2,2%, сондай-ақ Ақтөбеде +2,1% тіркелгенін атап өтті. Ал кейбір ірі қалаларда баға керісінше төмендеген. Мәселен, пәтерлер Шымкентте – 2,7%, Алматыда – 0,6%, Атырауда – 0,4% арзандаған. БІР ЖЫЛДАҒЫ ӨЗГЕРІС Қазақстан бойынша бір жылда тұрғын үй бағасы орта есеппен 6%-ға өскен. Баға төмендеген жалғыз қала — Қарағанды (1,4 %). Қалған аймақтарда өсу байқалды. Айтарлықтай қымбаттау Ақтауда болды, онда жылжымайтын мүлік құны 17,8%-ға шырқағап кеткен. Астана, Орал, Петропавл және Қостанайда баға 9,4–11,3% аралығында өсті. Алматыда тұрғын үй 4,2%-ға, Шымкентте 6,2%-ға қымбаттады. Естеріңізге сала кетейік, қаңтарға қарай Қазақстанда қайталама тұрғын үйдің орташа құны бір шаршы метр үшін 516 203 теңгеге жетті.
Бөлісу: Telegram WhatsApp