Мазмұнға өту
qandastar.

«Бірнеше күн ұйықтамадық»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

Малика Хамит · · 932 қаралым
«Бірнеше күн ұйықтамадық»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

Базарбек жол апаты туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды

порталы.

Экс-депутат Бақытжан Базарбек өзі қатысқан жол-көлік оқиғасына қатысты үнсіздігін түсіндірді.

Оның айтуынша, қазір әлеуметтік желіде апатқа байланысты түрлі болжам тарап жатыр, алайда тергеу аяқталғанша ол оқиғаның егжей-тегжейін жариялай алмайды.

Базарбек пен жұбайы тергеу деректерін жария етпеу туралы қолхат берген. Қазір іс бойынша қажетті сараптамалар жүргізілуі күтіліп жатыр.

Экс-депутаттың айтуынша, бұл сәтте ол үшін ең маңыздысы — жол апатынан зардап шеккен азамат пен оның жақындарына қолдау көрсету. Базарбек бірнеше күн бойы оның туыстарымен бірге науқастың сауығып кетуін тілеп жүргенін айтты.

Сондай-ақ ол зардап шеккен адамға шұғыл медициналық көмек көрсеткен дәрігерлерге, Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына алғыс білдірді.

Әлеуметтік желілерде түрлі нұсқалар мен алып-қашпа әңгімелер тарап жатыр. Асығыс қорытынды жасамай, тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижесіне сенуге шақырамын
деді Базарбек.

Ол тергеу органдары жол апатының барлық мән-жайына объективті баға береді деп сенетінін жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp