Мазмұнға өту
qandastar.

Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты

qandastar · · 230 қаралым
Бишімбаев пен Байжанов соттағы соңғы сөзін айтты

 

Қуандық Бишімбаев бұған дейін алға тартқан фактілерді тағы бір мәрте еске салып, Салтанат Нүкенованы қатыгездікпен өлтірмегенін жеткізді.

«Мен кінәлімін. Мойындаймын. Бірақ қасақана өлтірген жоқпын», - деді Бишімбаев.

Бақытжан Байжанов та соттағы соңғы сөзін айтып, Салтанаттың өлімін жасыру былай тұрсын, өлім аузында жатқанын білмегенін алға тартты.

«Ант етемін. Білмедім. Егер білгенде қылмысты жасыру әрекеттерінің ешқайсысын жасамайтын едім. Салтанаттың туған-туыстарынан тағы да кешірім сұраймын. Жатқан жері жайлы болсын», – деді Байжанов.

 

Бөлісу: Telegram WhatsApp