Мазмұнға өту
qandastar.

Бишімбаевтан моральдық шығын өндіру ісі қайта қаралды

bahitzhanabzal · · 269 қаралым
Бишімбаевтан моральдық шығын өндіру ісі қайта қаралды

Фото: Жоғарғы сот

Бұған дейін марқұм Салтанат Нүкенованың отбасы сот арқылы Қуандық Бишімбаевтан қылмыстық іс барысындағы шығындар үшін  6 877 672 теңге және моральдық шығын үшін 10 млн теңге өндірген болатын, деп хабарлайды qandastar.kz

Бірақ олар соттың бұл шешіміне келіспей, Қуандық Бишімбаевтан 1 млрд 500 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы өндіру туралы апелляциялық арыз берген.

Бірақ Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бұрынғы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Жәбірленуші тараптың арызы қанағаттандырылған жоқ.

Бөлісу: Telegram WhatsApp