"Салтанат Дима Биланның концертінде нөмір таба алмаған эпизод естеріңізде ме? Сол кезде Бишімбаев оған "енді саған ол керек емес" деген еді. Оның ерте ме, кеш пе Салтанаттан құтылу ниеті болған", - деді адвокат.
Адвокат Вранчев сотта жәбірленуші тараптың сөзін қорытындылап жатыр. Вранчевтың сөзінше, Байжанов өзін қазақтың қарапайым баласы ретінде көрсетуге тырысты. Шындығында, бұлай емес, ол нағыз сыбайлас дейді.