Назкен Құсайынова мен Ләйлә Рамазанова сұрақты кезекпен қоюда.
- Салтанатты кетуге көндіруге тырыстым дейсіз. Неліктен олардың отбасын сақтап қалуына көмектеспедіңіз?
- Неге тергеуге Салтанатпен бақытты отбасылық өмірі туралы жазған хабарламаларын бермедіңіз?
- Салтанат бұрын психологиялық көмекке жүгінген бе?
- Салтанат бала кезінде жарақат алды ма?
- Салтанатпен ұрысып, ренжіскеннен кейін қалай татуластыңыз?
- Салтанат шетелде білім алған ба?
Ал судья Бишімбаевтың адвокаттарына бірнеше рет ескерту жасап, олардан тек істің мәніне қатысты сұрақтар қоюды сұрады.