Бишімбаев ісі бойынша қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілікті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы оның адвокаты Ғазиз Ынтықбаев мәлімдеді.
22 шілдеде Степногорск қалалық соты Байжановтың өтінішін қарап, оны рақымшылық туралы заң аясында босату жөнінде шешім қабылдады. Адвокаттың айтуынша, сот қаулысы түстен кейін түзеу мекемесіне жіберіледі. Құжат түскеннен кейін Байжанов бірден бостандыққа шығуы тиіс.
Айта кетейік, Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша қылмысты жасырғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Кейін оның жаза мерзімі қысқартылған. Рақымшылық жарияланған сәтте оның өтелмеген жазасының үш айдан сәл астам бөлігі қалған.