Қазақстанда кәсіпкерлердің нысандарын коммуналдық инфрақұрылымға қосу рәсімі жеделдеуі мүмкін, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Үкімет бұл қызметтерді цифрландыруды қолға алмақ.
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында табиғи монополиялар субъектілерінің қызмет көрсету мерзімдерін қатаң сақтауды тапсырды.
Оның айтуынша, кәсіпкерлердің жаңа нысан салу немесе инвестициялық жобаны іске асыру кезінде коммуналдық желілерге қосылу мәселесіне көп уақыт жұмсайтыны бар.
Енді өтінімдерді қарау процесі ашық әрі жылдам болуы керек. Бұл үшін қызметтерді барынша цифрлық форматқа көшіру көзделіп отыр.
Ұлттық экономика министрлігіне әкімдіктермен бірге осы жұмысты екі ай ішінде ұйымдастыру тапсырылды.
Яғни алдағы уақытта кәсіпкерлердің су, жылу, электр және басқа да коммуналдық инфрақұрылымға қосылу мәселесі онлайн форматта әрі белгіленген мерзімде шешілуі тиіс.