БҚО-да өрт сөндіруші қызмет кезінде жарақат алып, көз жұмды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында құрғақ шөпті сөндіру кезінде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері жарақат алып, ауруханада қайтыс болды.
Оқиға «Татран» қыстағының маңында болған. Өрт сөндіру жұмыстары кезінде құтқарушы жарақат алған.
Ол Жәнібек аудандық ауруханасына жеткізілгенімен, дәрігерлердің көмегіне қарамастан көз жұмды.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.
Төтенше жағдайлар департаменті қаза тапқан қызметкердің отбасына қажетті көмек көрсетіліп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау жасалғанын хабарлады.