Мазмұнға өту
qandastar.

БҚО-да прокурордың мәйіті табылды

bahitzhanabzal · · 200 қаралым
БҚО-да прокурордың мәйіті табылды
Тергеудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
8 мамырға қараған түні Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында прокурор суицид жасаған, деп хабарлады qandastar.kz «Мой город» сайтының ақпаратынша, аудандық прокуратураның қызметкері өз үйінің ауласында өз-өзіне қол жасаған. Аталған ақпаратты облыстық прокуратура растады. «Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратура болған жағдайға байланысты қайғыра көңіл айтады», – деп мәлімдеді қадағалаушы орган өкілдері. Тергеудің мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Бөлісу: Telegram WhatsApp