Мазмұнға өту
qandastar.

БҚО-да жол апатынан қаза тапқан полицейлер ақтық сапарға шығарылды

Малика Хамит · · 327 қаралым
БҚО-да жол апатынан қаза тапқан полицейлер ақтық сапарға шығарылды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан қаза тапқан Тасқала аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері – полиция майоры Абзал Умбетқалиев пен полиция аға сержанты Нұрғали Адиетов ақтық сапарға шығарылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Қаралы рәсімге марқұмдардың туған-туыстары, әріптестері, ішкі істер органдарының ардагерлері және жерлестері қатысты.

Қоштасу кезінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденов жолдаған көңіл айту хаты оқылды. Онда қызметтік міндетін орындау барысында ерлік танытқан полицейлердің Отан алдындағы антына адалдығы атап өтіліп, олардың отбасына Ішкі істер министрлігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетіні айтылған.

Қызметтік борышын адал атқарып, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздігі жолында қаза тапқан қос тәртіп сақшысының есімі әріптестерінің жадында мәңгі сақталатыны айтылды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp