Әлеуметтік желіде тараған видеода блогер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясатына қатысты пікір білдіріп, оның еңбегін жоғары бағалады. Ол Мемлекет басшысының халықаралық аренадағы ұстанымын және елдегі бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бағытталған саясатын қолдайтынын жеткізді. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Видео авторының айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық кездесулерде өз пікірін ашық білдіріп, соғысқа қарсы ұстанымын бірнеше рет көрсеткен.
Сондай-ақ блогер Қазақстандағы ұлтаралық және дінаралық келісімге ерекше назар аударды. Оның сөзінше, елімізде түрлі этнос пен діни конфессия өкілдері бейбіт өмір сүріп, мешіттер мен шіркеулер қатар орналасқан.
«Қазақстанда көпұлтты халық өмір сүреді, мешіттер мен шіркеулер қатар орналасқан. Президент елімізде ешқандай келіспеушілік пен алауыздыққа жол бермей, елді тыныштықта ұстауға тырысады. Осындай еңбегі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нобель сыйлығын беру керек деп есептеймін», – деді блогер.
Осылайша, әлеуметтік желі қолданушысы Мемлекет басшысының бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтауға бағытталған саясатына жоғары баға берді. Айта кетейік, бұл – видео авторының жеке пікірі.