Мазмұнға өту
qandastar.

Блогердің бұрынғы әйелі шағымданған: Нұрсұлтан Жақсыгенге үкім шықты

Малика Хамит · · 16 қаралым
Блогердің бұрынғы әйелі шағымданған: Нұрсұлтан Жақсыгенге үкім шықты

Блогер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Іс Қарасай аудандық сотында қаралған. Сот блогерді масс-медиа, телекоммуникация желілері және онлайн-платформалар арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін кінәлі деп таныды.

Іс материалдарына сәйкес, Жақсыген 2024 жылдың сәуірінде әйелімен ажырасқан. Бұрынғы жұбайы кейін блогердің өзі туралы қаралайтын және жалған ақпарат таратқанына шағымданған.

Сот бұл ақпараттың жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіргенін анықтаған.

Блогер жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.

Сонымен қатар сот оны 5 жылға журналистік, блогерлік және көпшілікке арналған ақпараттық қызметпен айналысу құқығынан айырды. Бұл тыйым БАҚ, онлайн-платформалар мен әлеуметтік желілерде ақпарат дайындау, орналастыру және таратуға қатысты.

Бұдан бөлек, Жақсыгеннен бұрынғы әйелінің пайдасына 5 млн теңге моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp