Фото: ашық дереккөз
Бұл туралы ақпарат бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасында пайда болды, - деп хабарлайды qandastar.kz фейсбук желісінің қолданушысы Бексұлтан Жанәділовке сілтеме жасап.
“Бокстан Қазақстан ерлер ұлттық құрамасының Париждегі Олимпиада ойындарындағы төмен нәтижесіне байланысты келесі мамандардың қызметінен босатылғанын хабарлаймыз”, – делінген жазбада.
Тізім:
- Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті – Әзиз Қожамбетов;
- Бас бапкер – Мырзағали Айтжанов;
- Аға жаттықтырушы – Марат Жакиев;
- Жаттықтырушылар – Нүркен Андасов, Нұржан Насанов, Ғани Әшкеев, Ермек Ертаев, Талғатбек Жақпеков, Зәкір Сафиулин, Азамат Мақажанов, Жәміл Жүсіп;
- Жаттықтырушы-кеңесші – Донатас Янусевичус.
Алайда ақпарат жарияланған соң бірнеше минуттан кейін бокс федерациясының ресми парақшасынан өшірілді.