Мазмұнға өту
qandastar.

Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Малика Хамит · · 24 қаралым
Болат Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды

порталы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Оралұлы Ақшолақов Атырау облысының әкімі лауазымына тағайындалды
делінген Ақорда хабарламасында.

Жаңа әкім туралы не білеміз?

Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша — экономист. Ал еңбек жолын 1994 жылы бастаған.

·        1995–1997 жылдары - Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары;.
·        1997–2003 жылдары - "Қазақойл" ҰК" ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары;
·        2003–2006 жылдары  — "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директоры;
·        2006–2008 жылдары- энергетика және минералды ресурстар вице-министрі;
·        2008–2011 жылдары — "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарушы директоры, "PSA" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ басқарма төрағасы;
·        2012–2014 жылдары —мұнай және газ вице-министрі.
·        2016 – 2017 жылдары — "KAZENERGY" Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры;
·         2017-2019 жыдары -  энергетика вице-министрі;
·         2019-2021 жылады - "KAZENERGY" қауымдастығының бас директоры;
·         2022-2023 жылады - Қазақстан Республикасының энергетика министрі;
·         2023-2025 жылдары - Президенттің кеңесшісі;
Ал 2025 жылдың ақпан айында қайтадан KAZENERGY қауымдастығының төрағасы болып тағайындалды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp