Мазмұнға өту
qandastar.

Бопсалау, адам ұрлау, заңсыз қару: ҰҚК 24 қылмыстық топты әшкереледі

Малика Хамит · · 123 қаралым
Бопсалау, адам ұрлау, заңсыз қару: ҰҚК 24 қылмыстық топты әшкереледі

Қазақстанда жыл басынан бері ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар бірнеше қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

ҰҚК полиция және прокуратура органдарымен бірлесіп, еліміздің бірнеше өңірінде арнайы шаралар өткізген. Нәтижесінде 24 қылмыстық топтың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылған.

Тергеу барысында ауыр қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 169-дан астам адам ұсталды. Олардың арасында қылмыстық топтардың жетекшілері де бар.

Құқық қорғау органдары бопсалау, адам ұрлау, қаруды заңсыз сақтау сияқты қылмыстарға қатысты деректерді анықтаған.

Сонымен қатар шекара маңындағы аумақтарда, өнеркәсіп және экология салаларында ұйымдастырылған заңсыз табыс көздері әшкереленіп, олардың қызметі тоқтатылған.

Қазір аталған істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp