БАӘ-ден Израильге бағыт алған Flydubai ұшағының бортында төтенше жағдай болып, әуе кемесі бағытын өзгертіп, Сауд Арабиясына қонды, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Boeing 737 бортында шамамен 180 жолаушы болған. Ұшу кезінде ұшақтан басып алу дабылына ұқсас сигнал беріліп, кейін әуе кемесі радардан жоғалып кеткен. Бұл ақпарат әуелде ұшақты террористер басып алды деген күдік туғызған.
Алайда кейін ұшақтың Сауд Арабиясына аман-есен қонғаны белгілі болды. Израильдік дереккөздер оқиғаның ұшақты басып алуға қатысы жоқ болуы мүмкін екенін хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, төтенше дабылға борттағы жанжал себеп болуы ықтимал. Кей ақпаратта ұшқыш пен экипаж мүшелерінің арасында төбелес болғаны айтылады.
Қазір оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Ұшақтағы дабылдың не себепті берілгені және экипаж арасында қандай жағдай болғаны тексерілуде.