Бұдан бөлек, Қазақстан Елшісі Босния және Герцеговина Сыртқы сауда палатасының вице-президенті Ахмет Эгрличпен кездесті. Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейту, сондай-ақ босниялық компанияларды Қазақстандағы инфрақұрылымдық жобаларға тарту мүмкіндіктері талқыланды. деп хабарлайды Qandastar.kz.
Тараптар көлік-логистика саласындағы ынтымақтастыққа да назар аударды. Атап айтқанда, Орта дәлізді Балқан өңірінің көлік инфрақұрылымымен байланыстыру перспективалары қарастырылды.
Кездесу қорытындысы бойынша 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында Босния және Герцеговинаның құрылыс, инфрақұрылым және инжиниринг салаларындағы компаниялары басшыларының делегациясын Қазақстанға жіберу туралы келісімге қол жеткізілді.
Сапар аясында босниялық кәсіпкерлер қазақстандық әріптестерімен тікелей байланыс орнатып, еліміздегі инфрақұрылымдық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін қарастырады. Сонымен қатар Босния және Герцеговина тарапы Қазақстанның ақпараттық технологиялары мен цифрлық шешімдерін пайдалануға қызығушылық білдірді.