Құрылтай депутаты Бота Елеусізова Беларусьтің Полоцк қаласында өткен «Маңызды тақырып: бақытты отбасы – мықты мемлекет» атты халықаралық форумға қатысып, ана мен баланы қорғау және отбасыларды әлеуметтік қолдау мәселелерін талқылады. Qandastar.kz сайты хабарлады.
Форумға ТМД елдерінің депутаттары қатысып, отбасылық саясат саласындағы өзекті мәселелерді талқылады. Қазақстан атынан қатысқан Бота Елеусізова пленарлық отырыста көпбалалы отбасыларды қолдау және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жүзеге асырылып жатқан шараларға тоқталды.
Сондай-ақ депутат отбасылардың әл-ауқатын арттыру, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін күшейту және отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелеріне назар аударды.
Жиын барысында қатысушылар отбасылық саясат саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады.
Толығырақ quryltai.kz сайтынан оқуға болады.