Мазмұнға өту
qandastar.

Ботагөз Омарова ісі: «ВД Инжиниринг» басшысы алғаш рет пікір білдірді

tursynhan · · 197 қаралым
Ботагөз Омарова ісі: «ВД Инжиниринг» басшысы алғаш рет пікір білдірді

Жалған ақпарат таратты деген айыппен үйқамаққа алынған журналист Ботагөз Омароваға қатысты іс қоғамда кең талқыға түсті. Осы уақытқа дейін негізінен журналист пен оның жақтастарының пікірі жарияланып келсе, енді даудың екінші тарапы – «ВД Строй Инжиниринг» компаниясының құрылтайшысы Азамат Үсімбеков жағдайға қатысты өз ұстанымын білдірді. Бұл туралы

сайты

-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Үсімбековтің сөзінше, журналистке қарсы арыз жазуға Астанадағы атқора құрылысына байланысты жарияланған видеоматериалдар себеп болған. Омарованың зерттеуінде компанияның жұмысшыларға 600 миллион теңге қарызы бары айтылғанымен, кәсіпкер бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Компания басшысы дау қосалқы мердігер «Capital Engineering» мен олардың серіктесі «Ремстрой» арасындағы үш жылға созылған келіспеушіліктен туындағанын айтты. Оның сөзінше, өзі де, компаниясы да аталған тараптарға қарыз емес, барлық жұмыс актілері жабылып, төлемдер толық жүргізілген.

Үсімбеков журналистпен жеке кездесіп, жұмысшылардың қатысуымен ортақ жиын өткізгенін жеткізді. Кездесу барысында барлық құжаттар мен банк аударымдары көрсетілген. Сондай-ақ жұмысшылардың өздері де кәсіпкердің қарызы жоқ екенін растаған.

Кәсіпкердің айтуынша, Ботагөз Омарова кейін жағдайды түсініп, видеоны өшіруге уәде берген. Алайда соған қарамастан материалдар жариялана берген.

Үсімбеков мәселені сотқа жеткізбей шешуге тырысқанын, тіпті жұмысшыларға жалақыны өз қаражатынан төлеуді де ұсынғанын айтты. Оның пікірінше, журналист бұл әрекетке саналы түрде барған.

Менің мақсатым – оны түрмеге отырғызу емес. Ең бастысы, ол шындықты біле тұра қоғамды жаңылыстырғанын мойындауы керек
деді компания құрылтайшысы.

https://www.youtube.com/watch?v=IFZ-c6bRcbY

Бөлісу: Telegram WhatsApp