Фото: ашық дереккөз
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында жедел жәрдем шақырған әйел өзіне көмек керек екенін хабарлаған. 103 қызметкеріне хабарласқан әйел досының бөтелкенің сынығымен шабуылдап, басынан жарақат алғанын айтқан, деп хабарлайды Qandastar.kz .
Алайда шақыртумен келген медицина қызметкерлері өздері де шабуылға ұшыраймыз деп күтпесе керек. Әлгі "дос" алдымен келген жедел жәрдем көлігінің әйнегін сындырып, одан кейін фельдшерге және полиция қызметкерлеріне шабуылдаған.
- «Мемлекеттік қызметкерді қорқыту немесе зорлық-зомбылық көрсету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол мас күйінде полицияға қарсылық көрсеткені үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.