Мазмұнға өту
qandastar.

Бозымбаев: Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің отбасына көмек көрсетіледі

Малика Хамит · · 23 қаралым
Бозымбаев: Маңғыстауда қаза тапқан 12 әскери қызметшінің отбасына көмек көрсетіледі

Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды

порталы.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқиға салдарынан 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылды. Тағы екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқан сарбаздар мен офицерлердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Президенттің тапсырмасымен оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін Қанат Бозымбаевтың жетекшілігімен Үкіметтік комиссия құрылды. Құзырлы органдар қылмыстық істер қозғады.

Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді
деді Бозымбаев.

Сонымен қатар мемлекет қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдаусыз қалдырмайтыны айтылды. Әр отбасыға қомақты материалдық көмек көрсетіліп, қажетті қолдау шаралары ұйымдастырылады.

Бозымбаев тергеу барысы мен әскери қызметшілердің отбасыларына көмек көрсету жұмыстарын жеке бақылауында ұстайтынын жеткізді.

Бөлісу: Telegram WhatsApp