Маңғыстау облысында әлемге әйгілі актер Джеки Чан қатысатын «Доспехи Бога 4: Ультиматум» халықаралық фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды
порталы.
Ауқымды жобаны Sәlem Entertainment және Dala Edge Creative Tech Park компаниялары жүзеге асырып жатыр.
Қазір түсірілім тобы өңірдің ерекше табиғи орындарында алғашқы кадрларды түсіріп бастады.
Фильмнің негізгі локацияларының бірі ретінде әлемге танымал Бозжыра шатқалы таңдалған. 7-12 маусым аралығында бұл аумақта 35 адамнан тұратын шығармашылық топ жұмыс жүргізіп, бірнеше маңызды көріністі таспаға түсірді.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай жоба авторларымен кездесіп, халықаралық деңгейдегі кинотуындыға өңір тарапынан қолдау көрсетілетінін айтты. Кездесу барысында кино өндірісі, креативті индустрияны дамыту және өңірдің туристік әлеуетін әлемге таныту мәселелері талқыланды.
Маңғыстау киноиндустрия саласындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыруға қолайлы өңір. Біз креативті экономиканы дамытуға, мәдени мұраны насихаттауға және өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Мұндай жобалар Маңғыстауды халықаралық деңгейде танытып, өңірдің әлеуетін кеңінен көрсетуге мүмкіндік береді
Жоба отандық киноиндустрия үшін маңызды қадам саналады.
Мамандардың пікірінше, фильмде Маңғыстаудың табиғи және тарихи орындарының көрсетілуі өңірге туристер қызығушылығын арттырып, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға ықпал етеді.
Түсірілім жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланған. Ал «Доспехи Бога 4: Ультиматум» фильмі 2027 жылдың ақпан айында көрерменге жол тартпақ.