Мазмұнға өту
qandastar.

БҚО-да 10 жастағы бала қоқыстан тамақ іздеп өмір сүрген

Малика Хамит 28 қаралым
БҚО-да 10 жастағы бала қоқыстан тамақ іздеп өмір сүрген

Батыс Қазақстан облысында 10 жастағы баланың бірнеше жыл бойы қараусыз жағдайда өмір сүргені анықталды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Сот материалдарына сәйкес, бала туғаннан бері ішімдікке тәуелді анасымен бірге тұрған. Әйел қараусыз қалған үйді бөгде адамдар жиналатын орынға айналдырып, ұлының тәрбиесі мен қауіпсіздігіне тиісті көңіл бөлмеген.

Баланың тұрмыс жағдайы аса ауыр болған. Ол мектепке бармаған, оқып-жазуды білмеген. Күнделікті қажеттіліктерін өтеу үшін тамақ пен киімді қоқыстан іздеуге мәжбүр болған.

Кейін бала алдымен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына, одан соң отбасылық үлгідегі балалар ауылына орналастырылды. Осы уақыт аралығында анасы баласының жағдайын білуге де, оны көруге де келмеген.

Сот отырысында психолог баланың ауыр психологиялық жарақат алғанын және анасынан қатты қорқатынын айтты. Ал балалар ауылына орналастырылғаннан кейін жеткіншек өзін жақсы сезінетінін жеткізген.

Сот шешімімен әйел ата-ана құқығынан айырылды. Сонымен қатар одан баласын асырауға алимент өндірілетін болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp