Оқиға Бөрлі ауданындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Кадрлардан ер адамның дәріхананың алдында тұрған қоқыс жәшігімен есіктің әйнегін бірнеше рет ұрғанын көруге болады.
Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Сот шешімімен Ақсай қаласының 44 жастағы тұрғыны бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция өкілдері қоғамдық тәртіпті сақтап, өзгенің мүлкіне зиян келтірмеу қажеттігін еске салды. Бөтеннің мүлкін бүлдіргендер заң алдында жауап береді.