Мазмұнға өту
qandastar.

БҚО-да субсидия ақшасына үй сатып алынған

Малика Хамит 13 қаралым
БҚО-да субсидия ақшасына үй сатып алынған

БҚО-да 251 млн теңге субсидия жымқырылды деген күдік бар, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Батыс Қазақстан облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген бюджет қаражатын заңсыз иемдену дерегі анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша, күдікті мемлекеттен 251 млн теңге көлемінде инвестициялық субсидия алған.

Қаржылық мониторинг агенттігінің облыстық департаменті мәліметінше, күдікті өз бақылауындағы «Агрокомплекс АРСЕН» және «ОнегеАгроСервис» серіктестіктері арқылы субсидия алуға өтініш берген.

Құжаттарда Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылдық округінде су үнемдейтін суару жүйелерін салуға жұмсалған шығындарды өтеу қажеттігі көрсетілген.

Алайда шығындарды растау үшін жалған төлем тапсырмалары мен орындалған жұмыстар туралы актілер ұсынылған деген күдік бар. Осы құжаттардың негізінде екі серіктестіктің есепшотына жалпы сомасы 251 млн теңге аударылған.

Тергеу дерегіне сәйкес, кейін ақша қолма-қол ақшаға айналдырылып, оның бір бөлігіне тұрғын үй сатып алынған.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу: Telegram WhatsApp