Фото: istockphoto.com
Сарапшылардың мәліметінше, бағаның төмендеуіне ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіру көлемін арттыруы және Трамптың тарифтік саясатына қатысты белгісіздік әсер етіп отыр, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық порталы.
Осылайша, Brent маркалы мұнайдың бағасы барреліне 63,4 долларға дейін төмендеді (-1,5).
Сонымен қатар, Халықаралық энергетикалық агенттік Қытайдағы сұраныстың төмендеуі мүмкін екенін ескертті.
Осы уақытта Reuters агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан ОПЕК ұйымына мұнай өндіруді қысқартпайтынын ресми түрде мәлімдеді.
Біз ОПЕК-ке мұнай өндіруді қысқартпайтынымызды және өз мүмкіндігімізге сай өндірісті жалғастыратынымызды хабарладық