Мазмұнға өту
qandastar.

Британдық фотограф Бозжыра шатқалына тамсанып, жазба жариялады

bahitzhanabzal · · 123 қаралым
Британдық фотограф Бозжыра шатқалына тамсанып, жазба жариялады

Британдық фотограф Бозжыра шатқалын дрон арқылы түсіріп, әсерлі кадрларын Instagram желісіне жариялады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі kazinform_news Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фотограф бұл жерді Қазақстандағы ең сүйікті орындарының бірі деп атаған.

Бұл - менің Қазақстандағы ең сүйікті орнымдағы, дрон арқылы түсірген кадрларымның бірі. Бұл аймақ соншалықты кең әрі керемет, өзіңнің кішкентай екеніңді сезінуге мәжбүрлейді
деп жазды Джордж Купер.

Кадрлар желіде көпшіліктің назарын аударып, табиғат әсемдігіне тамсанған пікірлерге ие болды.

Бөлісу: Telegram WhatsApp