Мазмұнға өту
qandastar.

Бүгін республика бойынша тұман түседі – Қазгидромет

qandastar · · 237 қаралым
Бүгін республика бойынша тұман түседі – Қазгидромет
Еліміздің оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады. Республиканың оңтүстігіндегі таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжамы бойынша, атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен еліміздің солтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады.

Бөлісу: Telegram WhatsApp