Мазмұнға өту
qandastar.

Бүгін – Ұлттық кітап күні

bahitzhanabzal · · 1 123 қаралым
Бүгін – Ұлттық кітап күні
Былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын, деп хабарлайды qandastar.kz Соған сәйкес, биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады.
– Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады, – делінген құттықтауда.
Бөлісу: Telegram WhatsApp