Мазмұнға өту
qandastar.

«Бүгінгі күнмен өмір сүріп жүрмін»: Месси мансабын аяқтау жайын сөз етті

Малика Хамит · · 38 қаралым
«Бүгінгі күнмен өмір сүріп жүрмін»: Месси мансабын аяқтау жайын сөз етті

Аргентина құрамасының көшбасшысы Лионель Месси мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап беріп, әзірге футболмен қоштасуға ниеті жоқ екенін айтты, деп хабарлайды

порталы.

Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Австрияға қарсы өткен кездесуден кейін журналистер аңыз ойыншыдан тағы қанша уақыт өнер көрсетуді жоспарлап жүргенін сұрады.

Мессидің айтуынша, ол өзін жақсы сезініп, командасына пайдасын тигізе алатын жағдайда кәсіби мансабын жалғастыра береді.

Физикалық тұрғыдан өзімді жақсы сезініп, командама көмектесе алсам, ойнай беремін
деді аргентиналық шабуылшы.

Сондай-ақ журналистер одан 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі туралы сұрады. Алайда футболшы бұл жайында нақты жоспар құрмағанын жеткізді.

Қазір ол туралы ойлап жүрген жоқпын. Мен бүгінгі күнге назар аударамын
деді Месси.

Айта кетейік, 24 маусымда әлем футболының аңызы 39 жасқа толды. Ол кәсіби мансабын Испанияның FC Barcelona клубында бастап, кейін әлемдегі ең табысты ойыншылардың біріне айналды.

Қазір Месси футбол тарихындағы ең көп трофей жеңіп алған ойыншылардың бірі саналады. Оның қоржынында әлем чемпионаты, екі құрлықтық чемпиондық және көптеген клубтық жетістіктерді қосқанда 48 ірі жүлде бар.

Бөлісу: Telegram WhatsApp