Мазмұнға өту
qandastar.

Бұқтырма су қоймасында 13 демалушы құтқарылды

Бақытжан Мұса · · 284 қаралым
Бұқтырма су қоймасында 13 демалушы құтқарылды

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай ауданында орналасқан Бұқтырма су қоймасында құтқарушылар ауа райының күрт нашарлауына байланысты қиын жағдайда қалған демалушыларды эвакуациялады. Бұл туралы Qandastar.kz сайты хабарлады.

Оқиға қатты желдің күшеюі мен биік толқындардың көтерілуінен болған. Қайықпен су қоймасының қарсы жағалауына өткен демалушылар өз күштерімен кері орала алмай қалған.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы операция жүргізіп, барлығы 13 адамды, оның ішінде 7 баланы қауіпсіз жағалауға жеткізді. Зардап шеккендер болмағандықтан, медициналық көмек қажет етілмеді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды су айдындарына барар алдында ауа райы болжамын мұқият қадағалауға шақырды. Ведомствоның мәліметінше, жел күшейіп, толқын биіктеген кезде қайықпен немесе өзге жүзу құралдарымен суға шығуға болмайды. Мұндай жағдайда мүмкіндігінше дереу жағаға оралу қажет.

Бөлісу: Telegram WhatsApp